Описание
«Tor Energy» ЖШС өндіруші компаниясы — Қазақстан Республикасындағы жоғары сапалы дизельді генераторлардың алғашқы әзірлеушісі. «Tor Energy» бренді барлық қажетті МЕМСТ стандарттарына сай келетін электростанциялар шығарады, олардың әрқайсысы біздің климатымыздың ерекшеліктеріне, инфрақұрылымға және энергожүйенің жұмыс сипаттамаларына барынша бейімделген.
Өнімді нарыққа шығармас бұрын генератордың әрбір данасы нақты сынақтардан өтеді. Ол үшін олар біздің аймаққа тән температура жағдайларына, ауаның тиісті ылғалдылық деңгейіне орналастырылып, үздіксіз режимде екі сағат бойы сынақтан өткізіледі.
Сатып алушылар арасында 10-200 кВт қуаттағы дизельді генераторлар ең сұранысқа ие өнімдер болып табылады. Олар жоғары мобильділікке, жақсы өнімділікке ие және жеке үйдің иесіне де, сыртқы жұмысқа шыққан тұтас жұмысшылар бригадасына да қиын сәтте көмек бере алады.
- Cummins қозғалтқыштары бар Tor Energy дизельді генераторларына өндірушінің кепілдігі беріледі: 1 жыл немесе 1000 мотосағат (қайсысы бұрын келгеніне қарай).
- ДЭС орындау нұсқалары:
- шудан қорғайтын қаптамамен (кожух) жабдықтау;
- блок-контейнерде орналастыру;
- тіркемеде орналастыру (қаптамадағы немесе блок-контейнердегі ДГУ үшін);




